Атырау, 5 желтоқсан 22:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Грозный орталығындағы мектепте тағы бір содырлар тобы бұғауланды

1 658 рет қаралды

Фото: NUR.KZФото: NUR.KZАлматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Грозный орталығындағы мектептердің бірінде содырлар тобы бұғауланды. Ол туралы жедел штабта журналистерге Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров хабарлады, деп хабарлайды ТАСС.

«Қазір олар бұғауланды. Оларды бейтараптандыру бойынша операция жүргізілуде», - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін республикада ірі терактілер жасауды жоспарланған 7 боевиктің беті қайтарылған. Бейсенбіге қарағанда түні, 4желтоқсанда, олар Грозный орталығындағы Баспасөз үйін басып алған. Ғимаратта тығылғанға дейін боевиктер ЖПҚ бекетіне шабуыл жасаған. Орын алған атыс-шабыс барысында үш полиция қызметкері мерт болды.

Күштік құрылымдар ғимаратты бұғауға алды, Грозный орталығында контртеррорлық операция режімі енгізілді. Барлығы, алдын ала мәліметтер бойынша, боевиктердің шабуылы нәтижесінде 6 адамға дейін зардап шекті, жаралылар бар. 

Дереккөз: ҚазТАГ

4 желтоқсан 2014, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.