Атырау, 25 қараша 06:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сауд Арабиясы мұнай баррелінің бағасын $60 дейін төмендетуге жол беруге дайын - БАҚ

2 446 просмотра

Сауд Арабиясы мұнай өндіру көлемін қысқартпайды және өзі үшін Brent баррелін  60 долларға дейін төмендетуді қарастыруда, деп хабарлайды ТАСС Wall Street Journal газетіне сілтеме жасап.

«ОПЕК қатарындағы ірі мұнай өндіруші  - Сауд Арабиясы мұнай бағасы бір барреліне 60 доллар маңында тұрақтай алады  деп есептейді. Эр-Рияд және Парсы шығанағының басқа да елдері  осы баға деңгейін ұстай алатындарына сенімді», —деп жазады басылым.

Парсы шығанағының елдері өздері баррелдің белгілі мақсатты бағасын бекіткен жоқ, егер ол 60 доллардан төмен түсетін болса, ұзақ уақыт осы деңгейде тұрмайды деп хабарлайды WSJ дереккөзі.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

4 желтоқсан 2014, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.