Атырау, 23 қараша 09:59
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қан қысымыңызды өлшетіңіз

2 131 просмотра

Фото: esmarh.ruФото: esmarh.ruАтырауда «Атырау облысындағы артериялық гипертония сырқатын азайту» жобасының жұмысы жалғасуда.

Жоба үйлестірушісі Қазақстанның отбасылық дәрігерлері қауымдастығы Павлодар филиалының директоры Людмила АСТАШКИНА. Естеріңізге салсақ, оны жүзеге асыру 2010 жылы ТШО-ның әлеуметтік жобаларының желісі бойынша басталған еді. Осы уақыт ішінде Атырауда Гипертониктер мектебі ашылды.

- Биыл біз пациенттердің телефондарына sms-хабарлама жіберу тәжірибесін қолдана бастадық. Сонымен қатар қоғамдық орындарда адамдарды тартамыз, мәселен, ірі супермаркеттерде олардың қан қысымдарын өлшейміз, - дейді Л.Асташкина. - Өйткені адамның қан қысымын өлшемесе, ол артериялық гипертензияға шалдыққанын білмеуі мүмкін.

Асташкинаның айтуынша, биылғы мамыр айынан бастап 3 500 адамның артериялық қан қысымы (АҚ) өлшенген. Олардың 42 пайызында 140/90 және одан жоғары АҚ анықталды. 1000 адамның глюкоза мен холестерин деңгейі өлшенді, оның 30 пайызында глюкоза деңгейі нормадан жоғары, холестерин 80,2 пайыздан жоғары болып шықты.

- Біз тұрғындар арасындағы сырқаттарды анықтап, оларды медициналық мекемелерге жіберуді жалғастыра береміз, - дейді Асташкина. – Диспансерлік есепте пациенттер аз екенін атап айту керек, ал гипертониктерге тегін дәрі-дәрмектер беріледі ғой.

Жобаға қатысуға медицина колледжінің студенттері белсенді үлес қосуда.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

3 желтоқсан 2014, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.