Солт-Лейк-Сити қаласында (Юта штаты) тікұшақ екі қабатты бос ғимаратқа соғылды. Оның бортында болған екі адам қаза болды, деп хабарлайды Reuters жергілікті өрт сөндіру басқармасының өкіліне сілтеме жасап.
Тікұшақ ғимаратқа соғылып, оның екінші қабатында тұрып қалды, деді өрт сөндіру басқармасы басшысының орынбасары Дэйв Пауэрс. Бұл туралы РБК ақпарат таратты.
Ғимаратта сауда-саттықпен айналысатын фирма жұмыс істеген. Оқиға кезінде ғимаратта адам болмаған.
Дереккөз: bnews.kz
3 желтоқсан 2014, 09:40
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.