Атырау, 3 қазан 22:15
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Ауыл тұрғындары марапатталды

2 946 просмотра

27 қарашада Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында ауыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ құттықтау сөзін сөйледі. Ол биылғы жылы облыстағы ауыл шаруашылығының өңірлік бағдарламасын дамытуға 3,2 млрд теңге, оның ішінде субсидиялауға – 0,8 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.

2012 жылмен салыстырғанда биыл картоп пен көкөністерді егу алаңы он есе көп болды. Соңғы жыл ішінде тамшылатып суару алаңы облысымызда 653-тен 1 100 гектарға дейін көбейді. Ал келер жылы 1 500 гектарға дейін жеткізілетін болады. «Атырау» ӘКК жүзеге асатын 22 жобаның 10-ы агроөнеркәсіп кешенімен байланысты. Олардың қатарына жалпы қуаттылығы жылына 2 675 тонна құс еті мен 51 млн дана жұмыртқа болатын төрт құс фабрикасының, жалпы қуаттылығы 10,4 мың тонна сүт өнімдері болатын төрт сүт зауытының құрылысы кіреді.

Келер жылы түйе мен қой жүнін өңдеу фабрикасының құрылысы жалғасатын болады, көкөніс салаттары мен қалбырлар шығаратын зауыт құрылысы аяқталатын болады. Ізмұхамбетов сөзін ауыл тұрғындары үшін жақсы жаңалықпен аяқтады: 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылған ірі азықтарды дайындауға бөлінетін субсидия төлемі келер жылдың басында қайта жалғасын таппақ.

Содан соң әкім марапаттауға кірісті. Облыс әкімінің мақтау қағазын «Нұрлы дала» агрофирмасының директоры Мұрат САРМАНОВ (Қызылқоға ауданы), «Уәли ата» шаруа қожалығының (ШҚ) қызметкері Гүлжамал ХАЙРУЛЛИНА (Индер ауданы), Құрманғазы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Салауат НЫҒМЕТОВ, «Данияр» ШҚ басшысы Салауат ЖАЙҒАЛИЕВ (Қызылқоға ауданы); «ҚР ауыл шаруашылығының еңбек ардагері» - мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Елемес АБДОШЕВ, «Мендигариев» ШҚ басшысы Қарабай ДАБЫСОВ (Атырау қ.), «Досқайыров» ШҚ басшысы Жеңісбай ДОСҚАЙЫРОВ (Махамбет ауданы); «ҚР ауыл шаруашылығы озаты» төсбелгісін – «Құрманғазы» өндірістік кооперативінің төрағасы Сабыржан СҰЛТАНОВ (Құрманғазы ауданы), «Қарағаев» ШҚ басшысының міндетін атқарушы Айболат РЗИЕВ (Атырау қаласы), «Сарықұмақ» ШҚ басшысы Алшын ОМАРОВ (Қызылқоға ауданы) иеленді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

2 желтоқсан 2014, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.