Атырау, 25 қараша 06:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Царнаевтың адвокаттары Бостондағы сотты басқа қалаға ауыстыруды талап етуде

2 166 просмотра

Өткен жылғы сәуірде Бостон марафоны кезінде лаңкестік жасады деп айыпталған Джохар Царнаевтың адвокаттары үдеріс шынайы жүргізілуі мақсатында оның сотын Бостонда емес, АҚШ-тың басқа қаласында өткізуді талап етуді жалғастыруда, деп хабарладыТАСС.

Олар дүйсенбіде Бостонның федералдық сотына тиісті қолдаухат берді.

Қорғаушылар    БАҚ-тың назарына ерекше іліккен Царнаевқа қатысты  сот ісі  қала тұрғындарының айыпталушыға деген біржақты пікірін қалыптастырған, сондықтан да сот әділ өтпеуі мүмкін деп санайды. 

Адвокаттардың айтуынша, Бостонда Царнаевтың тағдырын шешетін әділ алқабилерді табу мүмкін емес.

Қыркүйекте судья Джордж О'Тул   Бостонда объективті қорғаушы табу мүмкін еместігін дәлелдейтін айғақтардың жеткіліксіз болуына байланысты  адвокаттардың сотты басқа қалаға ауыстыру туралы өтінішін қабылдамаған болатын.

Қазір қорғаушылар жаңа қолдаухат беріп, судьядан осы мәселе бойынша сот алдындағы тыңдау өткізгенін өтінуде. Бұдан бұрын адвокаттар Царнаевқа қатысты сотты АҚШ астанасы Вашингтонға ауыстыруды ұсынған.

Американдық заңға сәйкес әдетте сот қылмыс жасалған қалада қаралады. Алайда адвокаттар егер сотты  алдын ала келісілген деп санаса, олардың басқа қалаға ауыстыруды өтінуге құқығы бар. Мысалы, 1995 жылы Оклахома-Сити (Оклахома штаты) қаласында лаңкестік ұйымдастырған оңшыл экстремист Тимоти Маквейге қатысты сот үдерісі Деневер (Колорадо штаты) қаласына ауыстырылған.  Маквей ұйымдастырған жарылыс салдарынан 168 адам қаза тауып, 168 адам жараланған.

Царнаевтың адвокаттары осы жағдайға сілтеме жасауда. «Басқа қалаға ауыстырып, соттың әділ өткенін қалаймыз», - делінген қолдаухатта.

2013 жылғы 15 сәуірде Бостон орталығында марафонның мәре сызығына жақын маңда 12 секунд аралығында екі жарылыс болды. Оның салдарынан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жарақат алды. Бірнеше күннен кейін Джохар Царнаев Бостан маңындағы жекеменшік үйдің бірінің  ауласындағы кемеден табылды,  арнайы операция жүргізгеннен кейін  ол тұтқынға алынды. Өткен жылғы шілдеде іс бойынша алғашқы сот тыңдауы өтті. Царнаев оған тағылған (30 тармақ) айыптың бірде-бірін мойындамады.

Бостон маңындағы түрмеде жатқан  лаңкестің соты келесі жылдың 5 қаңтарына тағайындалған. Прокурорлар Царнаевқа өлім жазасын кесуді талап етуге ниетті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

2 желтоқсан 2014, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.