Атырау, 27 қараша 21:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бекболат Тілеуханов "Ислам мемлекеті" және ана тілі туралы

3 697 просмотра

Бекболат ТІЛЕУХАНОВ.Бекболат ТІЛЕУХАНОВ.Атырау мемлекеттік университетінде «Жас Отан» қоғамдық бірлестігі жергілікті филиалының ұйымдастыруымен қаладағы колледждер студенттерінің әнші, қоғам қайраткері Бекболат ТІЛЕУХАНОВПЕН кездесуі өтті.   

Бекболат Тілеуханов, әсіресе, «Ислам мемлекеті» террористік тобының үстіне камуфляж киген балаға «Мен өскен соң, иншалла, кәпiрлер, сендердi бауыздайтын моджахед боламын» деп, қазақ тілінде айтқызып таратқан бейнероликке қатысты  пікірін білдірді.

– «Ислам мемлекеті» адамзатқа исламофобияны сіңдіру арқылы Қазақстанды бүкіл әлемге жеккөрінішті етіп көрсеткісі келеді, - деді Тілеуханов. - Ертең сыртқы күштер кез келген уақытта: «Сендерден радикалдар шығып жатыр, сіздер оларды ИГИШ-ке жіберіп жатырсыңдар, сол себепті біз сіздің елге әскер кіргізуге тиіспіз» деген сөзді айтып қалуы мүмкін. Жайбірақат отыруға болмайды, соны біліп қойыңдаршы. Біздің елге қазір бәрінен бұрын тыныштық керек. Әлеуметтік желілерде сақ болыңдар, шыдамсыздық танытпаңдар, өзгелерге жамандық жасамаңдар. Ең бастысы – сабақтарыңды жақсылап оқыңдар.

ТІЛЕУХАНОВ ТӘСІЛІ

Ол бүгінде әлі де өткір тұрған қазақ тілін дамыту мәселесін де қозғады.

- Бұл мәселені митингке шығумен шешпейміз, оны қаулылар мен заңдармен шешу де мүмкін болмай отыр. Ал мен біздің нарық заманымызда өзекті болған тәсілді тапқандай болдым. Халыққа қызмет көрсету орындарына барғанда, кез келгеніміз сервис қызметкеріне өз тілінде сөйлеуге құқы бар. Алайда, өмірде қалай, сіз славян тектес сатушыға орыс тілінде сөйлейсіз. Демек, сіз әлі құлдық санадан арылмағансыз және ұлт ретінде сезіну дәрежесіне жетпегенсіз. Ал сіз өзіңіздің туған тіліңізде сұраңыз! Бірнеше мәрте өз тіліңде сұраған соң, орыстілді сатушы, менеджер бірден болмаса да, ол клиентке жағу үшін қазақ тілін үйрене бастайды. Клиенттің тілегі заң ғой, солай емес пе? Жеке өзім солай жасап көрдім, тәсілдің іске асатынына көзім жетті. Тағы да мына нәрсе бар, егер сіз өз тіліңізде талап етсеңіз, бұл сіздің өз құқыңызды білгеніңіз. Және бұл өзге ұлтты қорлау болмаса кемсіту емес. Егер бір немесе екі осылай жасай бастаса, ал кейін олар көбейіп, онда сан сапаға өтіп, тіл дами түседі.

«ҚЫЗ ДЕГЕН ШЫРМАУЫҚ СЕКІЛДІ»

Атырау медколледжінің студентінің қазақ қыздарының жағдайы туралы сұрағына Б.Тілеуханов қыздың бойынан жамандық қасиеттерінің табылуы жігіттің намысына сын деп жауап берді.

- Қыз деген нәзік, шырмауық секілді, біреуге сүйеніп өседі. Оның арқа сүйер азаматы болуы тиіс. Егер қыз арсыз, намыссыз болса, бұл біздің рухымыздың өшкені. Әйел оңбаған кезде қоғам оңбайды.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ  

2 желтоқсан 2014, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.