Атырау, 25 қараша 03:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

WhatsApp-та жауап жазбағаны үшін әйелімен ажырасты

2 129 просмотра

Ұялы телефондағы WhatsApp мессенджері ерлі-зайыптылардың ажырасуына себепкер болды. Сауд Арабиясында әйеліне жазған хатына жауап ала алмаған ер азамат онымен әрі қарай бірге тұрмайтындығын мәлімдеп отыр. 

30 жастағы ер азаматтың айтуынша, әйелі таң атқаннан кеш батқанға дейін ұялы телефонынан бас ала алмайтын дәрежеге жеткен. Достарымен және туыстарымен хат алмасып, балаларына қарауға уақыт бөлмейтін көрінеді. Салдарынан сәбиіміз дұрыс тәрбие көрмеді дейді әйеліне шағым айтқан араб азаматы.

Соңғы жазған хатына жауап ала алмаған ол ақыры ажырасып тынды. Айтуынша, бұл сәтте әйелі құрбыларымен интернет арқылы сөйлесіп отырып, күйеуіне назар аудармаған.

Дереккөз: Baq.kz

18 қараша 2014, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.