Атырау, 29 қыркүйек 08:29
 дождьВ Атырау +9.4
$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Тайландта адамның дене мүшелерін АҚШ-қа өткізбек болған

1 823 рет қаралды

Бангкок полициясы адамның дене мүшелерін АҚШ-қа асырмақ болған екі америкалық азаматты қолға түсірді. Олар кішкентай баланың басын, екі аяғын, үлкен кісінің терісінің бөлшегін және пышақпен жараланған жүректі Бангкоктан Лас-Вегасқа ұшақ арқылы салып жібермек болған. 

Америкалықтар ұсталғаннан кейін бірнеше сағат бойы тергеліп, кейін қайта бостандыққа жіберілді. Айтуларынша, аталған дене мүшелерін Тайланд астанасындағы базарлардың бірінен сатып алып, АҚШ-тағы достарына "тосын сый" жасамақ болған көрінеді.
Қазіргі таңда Тайланд полициясы адам мүшелерінің қандайда бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үстінде.

Дереккөз: Baq.kz

18 қараша 2014, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.