AZATTYQ. ORG «Ильинді бәсекелесі "машина" деп бағалады» - Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Илья Ильин 105 килограмда алтын алып, төрт мәрте әлем чемпионы атанды.
«Белград Ресеймен жаттығуды талқылауға құлықсыз» - Сербия мен Ресей алғаш рет бірлескен антитеррорлық жаттығу өткізді. Бірақ Белградтың ресми тұлғалары бұл оқиғаны талқылауды қаламайтын кейіп танытады.
«Бұрын президентті жақтаған жазушы қазір билікті сынайды» - Жазушы Қабдеш Жұмаділов Қазақстандағы зиялы қауым бөлшектеніп кетті деп санайды. Зиялы қауым мен билік арасындағы қатынас және зиялылардың бөлшектенуі туралы жазушы Азаттық радиосына берген сұхбатында айтып берді.
AIKYN.KZ «Үкімет те, Ұлттық банк те дұрыс көзқарас танытуы қажет» - Еліміздегі тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту мәселесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында тоқталды. Біз осы ретте қаржыгер Ғалым Байназаров мырзаны әңгімеге тартып, ой бөліскен едік.
ALASHAINASY.KZ «Бәріне Үкіметті кінәлаудан арылуымыз керек» - "Сұрақ-Жауап" атты белгілі интернет-ресурста ҮЕҰ дамыту саласында сарапшы, Қазақстанның Азаматтық альянсы басшысы, белгілі журналист Нұрлан Ерімбетовке пайдаланушылар өз сұрақтарын жолдапты. Төменде сарапшының кейбір сұрақтарға берген жауаптарын ұсынып отырмыз.
«Генералдың "крышасы" мықты болып тұр ма?» - Соңғы кезде облыстық ішкі істер департаменттері ішінде қай басшының «крышасы» мықты екені көріне бастағандай.
«Жас келіндер дәстүрден неге жерініп жатыр?...» - Қазекем еліктегіш. Біреудің қаңсығын таңсық көріп, аузын ашып көзін жұматындар да өзіміздің қаракөздер. Елдің есін алып, таңдай қақтырар небір кереметтері болса да көзге ілмеуге бар.
«Қазақстандық құл иеленушілер "Филиппиндік үрдісті" жақсы меңгерген...» - Елімізде ешкімі жоқ үйсіз-күйсіздерді, балалар үйінен шыққан жастарды, шет елдік гастарбайтерлерді құлдықта ұстау оқиғалары азаймай тұр.
«Төрт түлікті қорлауға тиым бола ма?» - Төрт түлікті түндігінің төресі санап, төріне шығармаса да төбесіне қойғандай етіп, бағып, қағып, бала-шағаның несібесі деп бар жағдайын жасаған ата-бабаларымызбен бүгінгі төрт тұяқтыларымыз «жылап» көрісетін шығар.
«Қазақстандықтар шамадан тыс несие алуға неге құмар?» - Адам несиені еріккеннен алмасы белгілі. Мұқтаждық, қажеттіліктен соған барады. Рас, той жасау үшін де, тұрмыстық техника алу үшін де несиеге жүгіретіндер көбейді.