Атырау, 3 қазан 14:13
 ашықВ Атырау +16
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Олланд 2024 жылғы Олимпиаданы Парижде өткізуді қалайды

1 309 просмотра

Фото: ИА Новости-КазахстанФото: ИА Новости-КазахстанФранция президенті Франсуа Олланд 2024 жылғы Жазғы Олимпиаданы Парижде өткізу идеясын қолдады, - деп хабарлайды "ВВС Орыс қызметі"

Бұл туралы ол TF1 телеарнасының тікелей эфирінде айтты. Олланд егер тиісті шешім қабылданар болса, Парижді 2024 жылғы Ойындарды өткізуге үміткер қала ретінде қолдайтынын атап өтті.

2024 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш беру 2015 жылы басталады, жеңімпаз қала 2017 жылы жария етіледі. Париж 2012 жылғы Жазғы Олимпиаданы өткізуге де тапсырыс берген болатын. Бірақ Олимпиада өткізу құқығын Лондон жеңіп алды.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 қараша 2014, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.