Атырау, 25 қараша 03:39
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бордюжа: ҰҚШҰ НАТО-мен диалог орнатпайды

1 541 просмотра

ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа. ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) НАТО-мен диалогты тоқтатпақ. Бұл жөнінде қарашаның 6-сында Мәскеуде Мемлекеттік думада өткен ҰҚШҰ-ның парламенттің ассамблея кеңесінің жиынында ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа мәлімдеген.

ҰҚШҰ-ның ресми сайтының хабарлауынша, Бордюжа "Ұйым НАТО-мен диалог орнату жұмыстарын "альянстың сындарлы емес және жаулық әрекеттері үшін" тоқтатты" деген.

Бордюжа жиында ҰҚШҰ елдеріндегі жағдайдың тұрақсыздануына батыс елдерін кінәлаған. Ол мұның жанама дәлелдері ретінде "батыс елдері елшіліктеріндегі, әсіресе АҚШ елшілігіндегі қызметкерлердің шектен тыс көбеюін және "батыс елдерінің гранттары арқылы қаржыландырылатын үкіметтік емес ұйымдардың белсенді әрекет ете бастауын" келтірген.

ҰҚШҰ 1992 жылы құрылған. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше.

Дереккөз: Азаттық радиосы

7 қараша 2014, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.