Атырау, 25 қараша 03:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

23 жастағы қыздың түбіне селфи жетті

2 098 просмотра

Польшалық турист Сильвия Райхел (Sylwia Rajchel) Испанияның Севилья қаласындағы көпірде селфи жасаймын деп, 4,5 метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Bnews.kz.

23 жастағы бойжеткен Пуэнте-де-Исабель II көпірінің шетінде тұрып, селфи жасамақ болады. Ол өзін жоғарыдан селфилетуге талпынғанда тепе-теңдікті сақтай алмай, 4,5 метр биіктіктен төмен құлдилайды. Оқиға орнына жедел жеткен медицина қызметкерлері бетонға соғылып, мертіккен қызды дереу ауруханаға жеткізеді. Алайда, дәрігерлер ауыр жараланған қызды аман алып қала алмайды.

Севилья әкімдігінің өкілдері болған жайды жазатайым оқиғаға балап, таяу күндері көпірге қосыша қоршау орнатуға уәде берді. Польшалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сильвия Райхел медицина мамандығында оқыған және оқуын аяқтаған соң біржолата Испанияға қоныс аударуды жоспарлап жүрген көрінеді.

Сонымен, Испанияны жанындай сүйетін бойжеткен өз ажалын арманына айналған қаладан тауып отыр. XIX ғасырдың орта шенінде соғылған Пуэнте-де-Исабель II көпірі сұлулығымен барша әлем жұртының сүйікті орнына айналған. Қазір ол Севильядағы туристер ең көп жиналатын орындардың бірі.

Дереккөз: bnews.kz

6 қараша 2014, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.