Атырау, 25 қараша 04:14
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Римде жолаушылар ұшағына жай түсті

1 637 просмотра

Кеше кешке ATR 72 жолаушылар ұшағына жай түсіп, әуе кемесі Италия астанасының аймағындағы Леонардо да Винчи атындағы халықаралық әуежайға апатты жағдайға қонды. 

Ұшақ бортында болған 51 жолаушы мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпеген. Mistral Air компаниясының ұшағы Италияның Анкона қаласынан Римге бағыт алған екен, деп мәлімдеді АНСА агенттігі.

Бүгін Италия астанасында нөсер жауынға байланысты дабылды ескерту жарияланды. Рим мектептерінде оқушыларға сабақ тоқтатылған, ал Колизей және Рим форумы секілді сәулет ескерткіштері туристер үшін уақытша жабық, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Дереккөз: bnews.kz

 

6 қараша 2014, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.