1 қарашада футболдан ел чемпионатының 31-турында «Атырау» командасы сырт алаңда Премьер-Лиганың аутсайдері семейлік «Спартактан» 1:3 есебімен ұтылып қалды. Бір қызығы, барлық голдарды алаң иелері соқты.
Ойынның 5-ші минутында «Спартак» ойыншысы Бағдат НҰРЛЫБАЕВ есеп ашты. 67-минутта алаң иелерінің қорғаушысы байқаусызда өз қақпасына гол салды. 82-минутта Николай ДЮЛГЕРОВ есепті 2:1-ге жеткізсе, ойын аяқталуға санаулы секундтар қалғанда Әлібек СӘКЕНОВ қорытынды есепті белгіледі.
9қарашада болатын соңғы турда«Атырау» - «Тобыл», «Тараз» - «Спартак», «Жетісу» - «Ертіс»командалары кездеседі. Екінші алтылық командалары бір-бірін өкшелеп келеді, алайда «Атырау» жеңсе де, жеңілсе де, ұпайлар тең болғанда қосылатын қосымша көрсеткіштер (жеңіс саны) арқылы Премьер-Лигада қалады. Ал жеңген жағдайда командамыз жалпы қорытынды кестеде «мәртебелі» 7-орынға көтеріледі. Жанкүйерлер осы үшін және келесі маусымда «Атырау» бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткізеді деген үмітпен стадионға жиналатын шығар.
Ал «Астана» командасы ел біріншілігінің аяқталуына бір тур қалғанда чемпион атанды. Өз алаңында «Қайсарды» 3:0 есебімен ұтқан астаналықтар сырт алаңда «Ақтөбеден» ұтылып қалған «Қайратқа» енді жеткізбейді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
И В Н П Г О
7 |
«Атырау» |
31 |
10 |
7 |
14 |
30 - 39 |
25 |
8 |
«Иртыш» |
31 |
9 |
10 |
12 |
39 - 43 |
25 |
9 |
«Тобол» |
31 |
9 |
12 |
10 |
32 - 35 |
23 |
10 |
«Жетысу» |
31 |
9 |
8 |
14 |
20 - 31 |
22 |
11 |
«Тараз» |
31 |
8 |
7 |
16 |
31 - 45 |
22 |
12 |
«Спартак» |
31 |
7 |
7 |
17 |
29 - 51 |
21 |