Атырау, 27 қараша 19:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Резерваттан балық пен аң аулауға рұқсат берілмек

2 642 просмотра

31 қазандаақпараттық тур шеңберінде Атырау қаласындағы туристік агенттік өкілдері «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының (МТР) аумағына барды.

«Ақжайық» резерватына биыл 5 жыл толды. Оны құстардың 292 түрі, сүтқоректілердің 48 түрі, балықтардың 65 түрі, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 227 түрі және 3 мыңнан астам омыртқасыз жәндіктер мекендейді.

Пешной жартыаралында туроператорлар 1918 жылы Гурьев депутаттар кеңесінің 10 мүшесі мен Астрахан делегациясының 5 депутаты оққа ұшқан жердегі ескерткішке барып, Приморск каналының бойымен қайықта серуендеді.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасының туризм бөлімінің басшысы Қарлығаш БЕКБАЕВА шараның мақсаты туралы әңгімеледі.

Биыл біздің басқарма облыстағы туроператорлар үшін ақпараттық турлар өткізе бастады. Өйткені олар туристік маршруттар мен облыс нысандары туралы көп хабардар емес. Ал бізде ондай жерлер аз емес. Ақпараттық турлар барысында турфирмалардың өкілдері көрнекі жерлердің танымалдылық деңгейін, жол ұзақтығын, тамақтанатын және тұратын орындарды, яғни, туристік «өнім» пакетіне кіретіндердің барлығын анықтайды.

Бүгін біз жолай Жайық-Атырау бекіре тұқымдас балықтарды өсіру зауытына бардық. Бұл маршрут туристер үшін әзір тұр. Операторлар зауыттың жарнамалық фотосуреттерін өз сайттарына орналастыруға дайын. Енді басшылықпен экскурсия құнын келісетін болады. Егер дұрыс қолға алынса, кез келген қызықты нысанды адамдар келетін орынға айналдыруға болады. Әсіресе біздің облыста аңшылықпен байланысты туризм кең танымал. Қазан айында біз Құрманғазы ауданындағы аңшылық кемпингтерге бардық. Олар меймандарды қабылдауға әзір.

Мен облысымызда ішкі туризмнің әлеуеті жоғары екеніне сенімдімін,- дейді «Тemiр Travel» ЖШС директоры Зоя ДӘУЛЕТИЯР. - Біз жергілікті көрнекі жерлер туралы көбірек білуге тиіспіз. Облыстың туристік маршруттар картасын жасағаны үшін туризм бөліміне рахмет.

Ақпараттық тур соңына қарай «Ақжайық» МТР директорының орынбасары Әлімғали ДАУЫЛБАЕВқызықты ақпаратпен бөлісті: келесі жылдан бастап резерват аумағында «Приморск каналы» мен «Рыбоходный каналы» бекеттерінің акваториясында (бекеттерден 800 метрден аспайтын жерде) 5 келіден аспайтын әдеттегі норма бойынша әуесқойлық балық аулауға, сонымен қатар ресми аң аулайтын жерлермен шектесетін арнайы бөлінген жерлерде аң аулауға рұқсат етілмек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 қараша 2014, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.