Атырау, 27 қараша 19:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Герман консулының сапары

1 269 просмотра
30 қазанда Атырауға Германия Федеративтік Республикасының Бас Консулы Рената ШИМКОРАЙТТЫҢ (суретте) сапары басталды. 
Мейманмен бірге Bohmer, Bosch, Wirtgen International және т.б. неміс сауда маркаларының өкілдері келді. Облыстық әкімдіктегі кездесу кезінде облыс әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ өңір аумағында біріккен 15 қазақстан-герман кәсіпорындары қызмет ететінін хабарлады. Қазақстандағы Германия экономикасы Өкілеттігі басшысының орынбасары Ғалия ЖҮНІСӘЛИЕВАНЫҢ айтуынша, Германия мен Орта Азия арасындағы сауда айналымының 85 пайызы біздің еліміздің үлесіне тиеді екен. Неміс компаниялары Қазақстандағы бүкіл мұнай жобаларына өз жабдықтарымен, аспаптарымен және қызметтерімен қызмет етеді.
Г. Жүнісәлиева ниет білдіруші тұлғаларды 11 қарашада Алматыда индустриядағы, құрылыстағы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі мәселелері бойынша өтетін ІІІ қазақстан-герман конференциясына қатысуға шақырды.
Р.Шимкорайттың екі күндік сапары кестесінде «Теңізшевройл», «Светланд Ойл», «КазТурбоРемонт», «АтырауНефтеМаш», «ЖігерМұнайСервис» ЖШС және т.б. кеңсесіне бармақ. 
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ
30 қазан 2014, 19:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.