Қала тұрғындарының демалыс орындарының бірі – Жилгородок бағынан жағымсыз көріністі көруге болады: орындықтардың сынған қырлы бөренелері, «түбірімен» жұлынған металл қоқыс жәшіктері, жер-жерде шашылып жатқан бос спирт бөтелкелері. Ал бұл бақ – қаладағы ғажайыптың күшімен сақталып қалған көпжылдық ағаштары бар жасыл-желекті жер. Оны қалпына келтіру үшін бірер жыл бұрын тек ТКШ қызметкерлері ғана емес, ерікті қала тұрғындарының өздері де күш салған болатын. Енді міне, көп күш сарп етілген нәрсені өзіміз бүлдіріп отырмыз.
Тамара СУХОМЛИНОВА