Атырау, 23 наурыз 23:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

КХДР-да 50-ден астам адам шетелдік сериал көргендері үшін өлім жазасына кесілді

1 640 рет қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореяда кемінде 50 адамды, соның ішінде 10-ға жуық басқарушы шенеунікті Оңтүстік Кореяның сериалдарын көргендері үшін жазалады.

Жазаланған шенеуніктерге сонымен бірге, жемқорлық пен азғындыққа қатысты айыптар тағылды.

КХДР-да барлық бұқаралық ақпарат құралдары қатаң мемлекеттік бақылауда. Интернетке қосылу мүмкіндігі шектелді. Соған қарамастан, контрабандалық видеофильмдер жасырын түрде Интернет арқылы сатылуда, DVD-дисктер,  видекассеталар мен флэшкалар қара нарықта саудада жүр.

КХДР-да контрабанда немесе заңсыз материалдарды таратқаны үшін ұсталғандар  мемлекетке қарсы қылмысы үшін  өлім жазасына  кесілуі мүмкін, ал олардың сыбайластары лагерьлерге немесе каторга бірнеше жылға қамалады. 

Дереккөз: inform.kz

30 қазан 2014, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.