Атырау, 27 қараша 19:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Құбыр бар да, газ жоқ-2

1 864 просмотра

Біздің сауалымыз бойынша жаңа Жұлдыз-3 ықшамдауданында газдың болмау фактісі бойынша қалалық прокуратураның тексеру жұмыстарын бастағанын хабарлаған едік Құбыр бар да, газ жоқ»). Тексеру нәтижелері бойынша прокуратура баспасөз хабарламасын таратты.

«Прокурорлық тексеру жұмыстары мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі бойынша 2013 жылдың 25 желтоқсанында  «АлтынСуАтырау» ЖШС-нің Тасқала-2 ықшамауданындағы газ жүйесін жүргізуге тапсырыс беруші – «Қалалық құрылыс бөлімі» ММ-не тапсырғанын анықтады», - делінген баспасөз хабарламасында. – Алайда аталмыш елді мекен қазіргі уақытқа дейін газбен қамтылмаған. Жұлдыз-3, Томарлы-2 және Талғайраң-2 ықшамаудандарында да осындай жағдай. Аталмыш газ жүйелерін жүргізуге мемлекет бюджетінен 404 млн 576,7 мың теңге бөлінді. Нысандарды пайдалануға қабылдаған уақыттан бастап 9 айдан астам уақыт өтті. Алайда құрылыс бөлімі тарапынан осы жүйелерге меншік құқығын тіркеудің, сонымен қатар оларды пайдаланушы мекемелерге сенімді басқаруға беру жөнінде ықпалды шаралары алынбаған.  

«Газ және газбен қамту туралы» ҚР Заңының 12-бабының 6-тармағына сәйкес, тұтынушылардың қайта жалғанатын және қайта жарақталатын газ жабдықтары техникалық регламенттерге және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес орындалуы, сонымен қатар жобалық құжаттамамен қамтамасыз етілуі тиіс. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалының хабарламасы бойынша, аталмыш мүлікті балансқа қабылдау үшін нысандардың атқарушы құжаттамасы болуы керек. Бұдан басқа, «Табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптікқауіпсіздік талаптарының» 231-бабына сәйкес, егер комиссия қабылдап алған нысан 6 ай бойына іске қосылмаса, онда оны кейін іске қосқан кезде саңылау жоқтығына қайталама сынақ жүргізіледі.

Заң бұзушылықтың осы фактісі бойынша қалалық прокуратура 2014 жылдың 22 қазанында қала әкімінің атына тиісті ұйғарым шығарды. Онда қала әкіміне іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге назар аудару сұралды. Өйткені құрылыс бөлімі қызметкерлерінің лауазымды міндеттемелерін лайықты атқармағандықтан қаладағы 4 ықшамауданның газ құбырлары 9 айдан астам уақыттан бері иесіз күйде қалған».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 қазан 2014, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.