Атырау, 27 сәуір 02:47
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Құбыр бар да, газ жоқ

2 243 просмотра

Редакцияға Атырау қаласының Жұлдыз-3 ықшамауданының тұрғыны Думан ЕСЕНҒАЛИЕВ хабарласты. Ол өткен жылы өз қолымен салған үйіне кіріп, қоныстой жасаған болатын. Сол жылы билік газ желісін тартты, алайда әлі күнге дейін газ берілген жоқ. Ал ықшамауданда жүзге тарта отбасы тұрып жатыр.

- Қазір даладағы ауа температурасы түнде нөл градусқа тейін төмендейді. Газ қазандығына от жағып, балаларымызды жылытқымыз келеді, бірақ бізді газбен қамтуға ешкім асықпайды, - дейді Думан.

Біз облыс прокуратурасына сұраныс жібердік. Облыс прокуратурасы 1-басқармасының бастығы Ғ. ТЫНЫМОВ бізге былай деп жауап қайырды:

- 2013 жылы мердігер мен «Қалалық құрылыс бөлімі» ММ арасындағы шартта белгілеген мерзім – 31 желтоқсанға дейін «Атырау қаласы инженерлік инфрақұрылым құрылысы – Тасқала-3, Жұлдыз-3, Томарлы-3, Талғайраң-2 ықшамаудандарын газдандыру» нысаны бойынша жұмыстар аяқталды. Жұмыс бекітілген, «Мемсараптама» мемлекеттік кәсіпорнының қорытындысын алған жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес жүргізілді. Қазіргі уақытта газ құбырларына газ жібермеу фактісі бойынша қала прокуратурасы тексеру жүргізіп жатыр, азаматтардың құқығын бұзуды болдырмау шаралары қабылданады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 қазан 2014, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.