«Атыраудың үздік тауары - 2014» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды. Енді олар Атыраудың намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады.
Байқауға өңірімізге жақсы танымал серіктестермен («Інжу-маржан» ЖШС, «Өнерпаз» тұрмыстық үйі және т.б.) қатар бизнесте алғашқы қадамдарын жасап жатқан 30-дан аса тауар өндіруші қатысты. Байқау үш номинация бойынша өткізілді. «Өндіріске арналған үздік тауарлар» номинациясында «ЖігерМұнайСервис» ЖШС бірінші орын алса, екінші орынды «Рауан Налко» ЖШС, үшінші орынды «Селбаева» ЖК иеленді. «Сарайшық» ЖШС «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында бірінші болса, екінші орынды «Тiлекшi» ЖШС, үшінші орынды «Наз-гүлім» шаруа қожалығы алды. «Үздік халық тауарлары» номинациясында «Оразбаева» ЖК жеңіске жетті. «Кибаева» ЖК мен «Жеті қыз» ательесі, сәйкесінше, екінші және үшінші орындарға жайғасты.
Зульфия ИСКАЛИЕВА