Атырау, 16 маусым 18:16
 ашықВ Атырау +20
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44

Өз сәбиін өлтіргені үшін төрт жыл жаза алды

2 423 рет қаралды

Бүгін Қызылқоға аудандық сотында дәретханаға өзінің жаңа туған сәбиін лақтырып тастаған анаға қатысты үкім жарияланды.

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТЫҢайтуынша, Қызылқоға аудандық сотының үкімі бойынша Сағыз селосының тұрғыны А.Мансұрова ҚР ҚК-нің 97-бабы («Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi») бойынша жасалған қылмысқа кінәлі деп танылды. Оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Естеріңізге салсақ, 2014 жылдың 23 шілдесінде 37 жастағы әйел өз ауласындағы дәретханадан жаңа туған сәби салынған полиэтилен пакет тауып алады. Шақырту бойынша келген учаскелік инспектор мен дәрігер сәбиді шығарып алады. Қыз тірі болған. Оны өңдеп, кіндігін кесіпті. Алайда, өкінішке орай, сәбиді құтқару мүмкін болмады. Алынған ауыр зақым салдарынан сәби облыстық перзентханада көз жұмған.

Сот отырысында айыпталушы өзінің кінәсін толықтай мойындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА                             

22 қазан 2014, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.