Атырау, 23 желтоқсан 14:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Білмесең, үйретеді

4 527 просмотра

  Атырауда «Электронды Үкімет» www.egov.kz порталымен жұмыс істеуге үйрететін халыққа арналған оқыту курстары шілде айынан басталып, қарашаға дейін өткізілмекші. 

Бүгінгі таңда электронды үкімет порталында 70-тен аса электронды және екі мыңдай ақпараттық қызмет ұсынылады. Портал көмегімен бүгіннің өзінде 6 миллионнан аса электронды анықтама беріліп үлгерілді. Алайда, мәселен, анықтама алу, өтініш беру, айыппұлдарды төлеу  секілді қызметтерді үйден шықпай-ақ алу мүмкіндігін барлық адам бірдей бағалай бермейді. Көп жағдайда адамдар электронды үкімет порталымен жұмыс істеуге өз білместіктерінің салдарынан бас тартып жатады. Бұл олқылықтың орынын толтыру үшін «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдинг» АҚ Ақпарат және байланыс министрлігінің қолдауымен жергілікті атқарушы органдар және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ халықты порталмен жұмыс істей білуге үйрететін оқыту курстарын өткізуде. Оқыту курсы 3 академиялық сағатқа есептелген. Семинар аяқталғаннан кейін барлық тыңдаушылар куәліктерін алады.

-Бүгінгі күнгі семинарлардың ең белсенді тыңдаушылары- мемлекеттік қызметкерлер. Олар порталмен бірінші кезекте жұмыс істей білуге тиісті, өйткені, олар халыққа мемлекеттік қызмет ұсынады, - дейді «Ақпараттық жүйелер және технологиялар орталығы» КМК-ның жетекші маманы Айбек ЖАЙЫҚОВ. – Тек аудандар бойынша біз мемлекеттік қызметкерлер қатарынан 600-ден кем болмайтын тыңдаушыларды қамтуды жоспарлап отырмыз. Курсқа барлық азаматтар қатыса алады.

Электронды үкімет порталында жұмыс істеуге оқытатын курсқа қалай өтініш беру керектігі туралы білу үшін call-орталыққа 1414 нөмірі арқылы қоңырау шалса жеткілікті.  Қалалық және ұялы телефондар қоңырауы тегін. 

Тамара СУХОМЛИНОВА

4 тамыз 2011, 23:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.