Атырау, 25 қараша 00:39
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

38 науқасты қасақана өлтірген медбике қолға түсті

1 678 просмотра
Италияның солтүстігіндегі Равенна провинциясында ауруханада жұмыс істейтін медбикеге қасақана 38 науқасты өлтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Құқық қорғау органдарының деректеріне сүйенсек, 42 жастағы Даниэла Поджиала науқас көрсе, жыны қозатын көрінеді. Ол шамадан тыс калий хлоридін салып, науқастарды әдейі өлтірген. Сөйтіп, қанішер құрбандарының жанында суретке түседі екен.

78 жастағы Роза Кальдерони есімді науқас жеңіл сырқатпен ауруханаға түсіп, көп ұзамай кенеттен қайтыс болады. Осы бір жағдай болмаса, құқық қорғаушылар медбикеден күдіктенбес еді.

Тергеушілер 2014 жылдың алғашқы тоқсанындағы науқастар мұрағатын тексере келе, осы аралықта өлімнің күрт өскенін байқаған. Жалпы, 3 ай ішінде ауруханада 83 адам қаза болса, оның 26-сы Поджиали жұмыс істеген бөлімде көз жұмған.

Поджиалидің әріптесінің айтуынша, Кальдерони қайтыс болған соң медбике одан пациентпен суретке түсіріп жіберуді өтінген. Поджиалидің жүзінен жаны ашу сезімі байқалмаған, керісінше ол мәйіттің жанында қуаныштан басы айналып тұрған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері медбикенің телефонын тексере келе, ол өлтірген барлық науқастардың суреті түсіріп алынғанын анықтаған. Оның әріптестерінің айтуынша, Поджиали үнемі науқастарға калий хлоридін салатынын айтып, мысқылдап отырады екен. Алайда, медбикелер оны әзілдеп айтқан болар деп мән бермей келген.

Дереккөз: bnews.kz

15 қазан 2014, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.