Фото: jette.ruАлматы. 14 қазан. ҚазТАГ – Каталония үкіметі 9 қарашаға тағайындалған Испаниядан тәуелсіздік туралы референдумнан бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады lenta.ru.
«Бұл туралы өңір басшысы Артур Мас автономиялық облыстың бөлінуін қолдап жүрген үш ұлтшыл саяси партия басшыларымен он сағаттық кездесу өткізген соң мәлім етті. Каталония басшысы құқықтық кепілдік болмауы себепті дауыс беру жүргізіле алмайды деп мәлім етті», - делінген мақалада.
Оның айтуынша, автономиялық облыс басшылары азаматтарына сауалнама жүргізудің балама жолын ұсынбақшы.
Еске салсақ, 27 қыркүйекте Каталония басшысы Артур Мас жарлыққа қол қойды. Ол бойынша осы өңір тұрғындары 2014 жылғы 9 қарашада тәуелсіздікке қатысты мәселеде дауыс берулері тиіс болған. Сол күні Испания үкіметінің бірінші орынбасары Сорайя Саэнс де Сантамария Мастың шешімін қателік деп атап, референдумды өткізбеуге уәде берген.
Сол күні Испаниның Конституциялық соты шұғыл отырысы өткізіп, Каталонияда оның тәуелсіздігі жөнінде референдум өткізу туралы жарлықтың пәрменін тоқтатты, деп хабарлады lenta.ru.
Хабарда айтылғандай, сот Испания үкіметінің Конституциялық референдум туралы жарлық пен сауалнама жүргізу туралы заңның сәйкес еместігі туралы шағымын қарауға кірісті. Ол дегеніңіз іс жүзінде олардың пәрменін тоқтату дегенді аңғартады. Ондай шешімді Франсиско Переса Кобоса төрағалығындағы КС –тің 12 мүшесі бірауыздан қабылдады. Енді Испания үкіметі мен Каталония билігінің өздерінің ұстанымдарын негіздеулері үшін 15 күн уақыттары бар. Испания конституциясы бойынша КС заңның пәрменін бес айға тоқтатуы мүмкін. Егер осы аралықта шеш ім қабылданбаса, осы мерзім тағы ұзартылуы мүмкін.
Дереккөз: ҚазТАГ