Атырау, 25 қараша 00:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Калифорнияда пластикалық пакеттерге тыйым салатын заңға қол қойылды

2 206 просмотра

АҚШ-тың Калифорния штаты бірінші болып пластикалық пакеттерді қолдануға тыйым салды. Бірнеше жылдар бойғы дау мен пікір талас тудырған бұл жайтқа қатысты Калифорнияның қазіргі губернаторы Джерри Браун пластик пакеттерді қолдануға тыйым салу жөніндегі заңға қол қойды. Бұл туралы Калифорнияның "San Jose Mercury News" газеті хабарлайды.

 «Бұл заң дұрыс бағыт сілтейтін қадам деп білемін. Пластик пакеттерді қолданбаудың арқасында енді жағалаулар, парктер және теңіз аймақтары ластанбайтын болады. Біз АҚШ-та алғаш рет бұл бастаманы іске асырып отырмыз, өзгелерде жалғастырады деп білеміз»,-дейді Джерри Браун.
Тиым салу жөніндегі заң 2015 жылдың шілде айында күшіне енбек. Сонымен бірге азық-түлік және алкогольді өнімдер сататын дүкендер 2016 жылға дейін пластикалық пакеттерден біржола құтылу тиіс. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мамандар бұл заңды қолдап, өзге елдердің де жалғастырып әкететініне сенімді екендіктерін айтады.

«Көпшілік қоқыстармен айналаны үнемі ластап, өздеріне қандай да бір жауапкершілік жүктемейді. Жыл сайын миллиардтаған пакеттер айналамыз мен қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтір жатыр. Бұл заң айналамызды ластанудан құтқарады. Енді бір реттік пакеттерден гөрі шыдамды сөмкелерге ауысуымыз тиіс» дейді Калифорния штатының сенаторы, осы заң жобасының авторларының бірі Алекс Падилла.

Дереккөз: BAQ.KZ

14 қазан 2014, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.