Сауд Арабиясында сәрсенбі күні басталған қажылық кезінде созылмалы аурулардың асқынуынан 130-дан астам қажыға барушы қаза болды, деп хабарлады халықаралық ислам жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап Риа-Новости.
Мұсылман қажылары Меккедегі Масджид әл-Харам мешітінің ішкі ауласындағы әулиелерге арналған Қағбаның жанында дұға жасайды.
Агенттіктің мәліметтері бойынша, Мысырдан келген қажылардың 14-і қаза болған. Бұл - кісі өліміне қатысты тіркелген ең көбі. Сонымен бірге, мұсылмандар үшін әулие орындарға бару кезінде Ирак, Алжир, Судан, Марокко, Сомали, Иордания мен Мавританиядан келген тәуіп етушілер жан тапсырған. Қазір тағы 213 қажылыққа барушы Сауд Арабиясының ауруханаларында ем қабылдап жатыр. Қажылыққа биылғы жылы араб елдерінен барлығы 265 мыңнан астам тұрғын келген.
Ислам парыздарының бірі - қажылық, оны әрбір мұсылман өтеу үшін Мекке мен Мәдинаға барулары керек. Ол бірнеше күрделі салттан тұрады, соның ішінде Арафат тауында бірнеше сағат тұрады. Бұл салттар ашық аспан астында күн ашық кезде, ауаның температурасы 35 градустан көтерілген кезде жасалады.
Дереккөз: ҚазАқпарат