Жүздеген бейбіт тұрғын Түркия шекарасына қарай қашып, лаңкестер қаланың шығыс бөлігін басып алды. Қара туларын қаланың әр жеріне тігіп, өз билігін орната бастады.
Кобани қаласынан Сирия мен Түркия арасындағы шекараның үлкен бөлігін бақылап отыруға болады. Содырлар қаланы 3 апта бойы торуылдады. Қаладан 160 мыңнан астам Сирия азаматы қашып шықты, олардың басым бөлігі күрттер.
Үкімет мүшелерінің бірі Идрис Насанның айтуынша, қаладағы әскери құрылымдар шаһарды көпке дейін ұстап отыра алмайды. Лаңкестер қаланың тас-талқанын шығарған.
Бұл оқиға Гаагадағы Нидерланды парламентінде отырған күрттер арасында жаппай акцияның туындауына себеп болды. Манифестанттар ғимаратқа баса көктеп кіріп, ел билігінен «Ислам мемлекеті» ұйымының лаңкестеріне қарсы шара қолдануды талап етті.
Дереккөз: bnews.kz