Болгария қорғаныс күштері жарты жыл ішінде Ресейдің МиГ ұшақтарын пайдаланудан бас тартып, Бельгиядан жаңа ұшақтар сатып алуға бел буып отыр, деп жазады болгариялық «Труд» газеті.
«НАТО-дағы Болгария – 2020» жоспары аясында мемлекет Бельгиядан жаңа әскери ұшақтар сатып алуға, батальондық әскери топтарды дайындауға, 3D-радар мен патрульді катерлер жасақтауға қаржы бөліп отыр.
Сонымен, 2020 жылға дейін ресейдің барлық тік ұшақтары мен реактивті ұшақтары қарулы күштерден алынып, жаңаларымен ауыстырылады. Алайда, бұл жаңалыққа Болгарияның әскери-әуе күштері наразылық білдіріп отыр. Себебі, бұл мақсат орындалып жатса, 300 адам жұмыстан айырылып қалатын түрі бар. олардың арасында ұшқыштар мен техникалық қызмет көрсететін инженерлер бар.
Қазір Болгария қарулы күштерінде 15 дана МиГ-29, 6 дана МиГ-21 ұшағы және 14 дана СУ-25 бомбалаушы ұшақ бар.
Болгария Қорғаныс министрі Велизар Шаламанов бұл жобаның қолға алыну себебін Ресейден тәуелділіктен арылудың қажет екендігімен түсінідіріп отыр.
Болгариялық сарапшылар арасында еуропалық Eurofighter Typhoon әскери ұшақтары мен америкалық F-16 ұшақтарын сатып алу төңірегінде біраз дау туды.
Дереккөз: bnews.kz
7 қазан 2014, 09:50
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.