Атырау, 3 қазан 03:31
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Қара тапаншаң қайда?

5 916 просмотра

Полицейдің тапанша жоғалтқаны туралы бірінші оқиғаны біз үстіміздегі жылдың тамыз айында «Тапанша екі аптадан соң табылды» жарияланымында хабарлаған едік. Осындай екінші жағдайды ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. Айтпақшы, бірнеше күн бұрын, біз қару жоғалтқан екінші оқиға туралы өзіміздің бейресми ақпаратымызды тексергіміз келген кезде прокуратураның арнайы бөліміндегілер неліктен екені белгісіз, оны жоққа шығарды.

Үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегінде Атырау қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясы батальон бөлімшесінің командирі аға сержант С. КҮПЕБАЕВТЫҢ табельдік қаруы – «Макаров» тапаншасы жоғалған. Алынған шаралардың нәтижесінде бірнеше сағат ішінде жоғалған тапанша табылды, делінген ІІМ хабарламасында.

Облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК-нің 316-бабы бойынша полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Министрдің бұйрығымен елеулі кемшіліктерге жол бергені және полиция жасақтарының қызмет өткеру барысын бақылаусыз қалдырғаны үшін облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жәнібек ШАРИПОВ пен оның орынбасары Мұхамбетжан ОСПАНОВ, Атырау қалалық ІІБ бастығының орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВ лауазымдарынан босатылды. Бірқатар басшылар, соның ішінде облыстық ІІД бастығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. «АЖ» жорамалы бойынша, полиция генералына да қатысты қатаң шаралар Атырауға екі президент келуге 4 күн қалғанда (олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына екі мемлекеттің арнайы қызметтері кіріскен кезде) тамыздағы ТЖ қайталанғандықтан алынып отыр.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 қазан 2014, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.