Атырау, 25 қараша 00:22
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еуроаймақта тұңғыш рет ислами құнды қағаз айналымға шығарылды

1 556 просмотра

Люксембург тарихта тұңғыш рет бірыңғай еруо валютасында сукукты мемлекеттік деңгейде айналымға шығарды. Бұл жайында MENAFN ақпарат көзі хабар таратты.

Ислами құнды қағазды биылғы жылдың қыркүйек айында шығарғаны енді белгілі болып отыр. Төлеп бітіретін мерзімі бес жылға белгіленген 200 млн еуро ислами құнды қағаздың айналымға жіберілгені жөніндегі ақпаратқа сенсек, люксембург сукугын сатып алуға қатысты өтініштердің мөлшері айналымға шығарылған ислами құнды қағаздардың мөлшерінен екі есе асып түседі екен. Мемлекет кепілдік беретін ислами құнды қағаздардың 61 пайызын Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка инвесторлары, ал 20 пайызын еуропалықтардың өздері сатып алған, 19 пайызына азиялық инвесторлар «ен таққан». Эмиссияның 50 пайызын орталық банктер мен мемлекеттік мекемелер, 40 пайызын коммерциялық банктер, қалған 10 пайызын инвестициялық қорлар сатып алған.

Дереккөз: BNews.kz 

6 қазан 2014, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.