Атырау, 3 қазан 03:35
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Браконьерлер ескерту оғынан кейін тоқтады

2 547 просмотра

5 қазанда ҰҚК жағалау күзетінің шекаралық қызмет қызметкерлері Каспий теңізінің солтүстік бөлігіне шолғын жасау барысында үш браконьерлік шағын кемені ұстады.

Кемені біздің қызметкерлер теңіздің солтүстік бөлігінде Жайық-Каспий каналынан 50 шақырым жерде анықтады. Ондағы адамдар тоқтау талабына бағынбады. Әуеге ескерту оғын атуға тура келді, тек осыдан кейін ғана браконьерлер моторларын өшірді, - дейді 2201Г әскери бөлімінің командирі Талғат ТӨРЕБАЕВ.Жүзу құралдарын тексеру кезінде ірі аулар салынған 18 қапшық табылды. Мұндай аулар қортпаға құрылады. Қайықтардың бірінен 12 сазан табылды. Кеме ішінде болған 13 адамның бәрі ұсталды. Бәрі де Дамбы поселкесінің тұрғындары.

ҚР ҚК-нің 330-бабы («ҚР Мемлекеттік шекарасын әдейі заңсыз өту») бойынша және 287-бабы («Балық қорларын заңсыз алу») бойынша қылмыстық істер қозғалды. Істер ҰҚК тергеу департаментіне берілетін болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

6 қазан 2014, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.