Атырау, 25 қараша 00:33
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ИМ Сирияда маңызды аймақты басып алды

2 448 просмотра

Түркия әскерилері Сирияның шекаралас Кобани қаласы маңындағы Түркия әскерилері Сирияның шекаралас Кобани қаласы маңындағы "Ислам мемлекеті" содырлары мен күрд жасақтары арасындағы ұрысты сырттай бақылап тұр. 3 қазан 2014 жыл. Түркия әскерилері Сирияның шекаралас Кобани қаласы маңындағы "Ислам мемлекеті" содырлары мен күрд жасақтары арасындағы ұрысты сырттай бақылап тұр. 3 қазан 2014 жыл.

Радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары Сирияның Түркиямен шекарасындағы қоршауға алынған Кобани қаласының оңтүстігіндегі стратегиялық маңызы бар Миште-Нур жотасының бір бөлігін басып алды.

Лондонда орналасқа Syrian Observatory for Human Rights ұйымының дерегінше, "жиһадшы" содырлар Миште-Нурдің оңтүстік бөлігін 5 қазанға қараған түні күрдтің өзін-өзі қорғау жасақтары және сириялық көтерілісшілермен болған кескілескен шайқастан соң басып алған.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Сириядағы "Ислам мемлекетінің" позицияларына соққы беріп жатқан коалиция күштері содырлардың шабуылын тоқтата алмаған. Мәліметтерге қарағанда, Кобани үшін шайқас басталған бір аптада 180 мыңға тарта сириялық Түркия шекарасынан өткен.

Қыркүйекте АҚШ пен бірнеше араб елдері Сириядағы "Ислам мемлекеті" ұйымының бекіністеріне әуеден соққы бере бастаған. АҚШ авиациясы 8 тамыздан бері содырлардың Ирактағы позицияларына қарсы операция жүргізіп жатыр.

Дереккөз: Азаттық радиосы

6 қазан 2014, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.