Атырау, 23 желтоқсан 18:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Автокөліктер ауыз сумен жуылуда

3 786 просмотра

Көлік жуатын орын қожайындарынан кейін бетон мен темір-бетон конструкцияларды өндірушілер де ішуге жарамды суды өндірістік мақсатта пайдалануға рұқсат алды. 2014 жылға дейінгі мерзімге суды пайдалануға биліктің хаттамалық шешімінің негізінде рұқсат етілді. Осы уақыт ішінде Атырауда техникалық суға арналған су құбыры желісі жүргізіле ме, осы мәселе белгісіз боп отыр.

БӘРІ БҰРЫНҒЫ ОРНЫНА ҚАЙТА КЕЛДІ

Біз атыраулық бизнесмендер бетпе-бет келген жағдайлар туралы жазған едік. Су қорларын пайдалану ережелері бойынша суды пайдалану жалпы және арнайы деп бөлінген. Жалпы пайдалану үшін ешқандай рұқсат қажет емес. Егер суды көтеру мен реттеу құрылғылары қолданылса, онда арнайы пайдалану қажет болады. Суды пайдалануға арнайы рұқсат облысымызда «Атырау Су Арнасында» бар. Нан-бөлке өнімдері мен сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар ауыз суды ешқандай рұқсатсыз пайдалана алады.

Ал егер кәсіпорын бетонды бұйымдар шығаратын болса немесе автокөліктерді жуумен айналысса, онда олар өз мұқтаждықтары үшін техникалық суды пайдалануы тиіс. Ауыз суды техникалық мақсатта пайдаланса, олар Су кодексінің 72-бабын бұзады. Осының негізінде және кәсіпкерлерге ауыз суды техникалық мақсатта пайдалануға рұқсат беріп отырған өкілетті органдардың, автокөлік жуу орындарымен және темір-бетон бұйымдар шығаратын зауыттардың қожайындарымен жасалған меморандум мерзімінің аяқталуына байланысты жыл басында ауыз суды өз жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануға тыйым салынды. Алайда содан соң билік қайтадан Жайық-Каспий бассейндік инспекциясымен және «Атырау Су Арнасы» КМК-мен келісім-шарт жасауға мәжбүр болды.

Қала әкімінің баспасөз қызметі біздің редакциямыздың ресми сауалына былай деп жауап қайтарған болатын: «Облыс әкімінің орынбасары Асқар ӘБДІРОВТІҢ өткізген жиналысының хаттама шешіміне сәйкес, Жайық-Каспий бассейндік инспекциясына әрі қарай сумен қамту мәселесін шешу үшін бетон және темір-бетон конструкцияларын шығаратын шағын зауыттардың тізімін ұсыну тапсырылды. Су көтергіш стансада үшінші сүзгілеу стансасы енгізілуіне байланысты «АСА» КМК-ның қажет болған жағдайда аталмыш зауыттардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Алайда ол зауыттар Жайық-Каспий бассейндік инспекциясынан суды арнайы пайдалануға рұқсат алулары керек... Қазіргі уақытта «АСА» КМК ҚР «Су кодексінің» 90-бабының 7-тармағын және 72-баптың 13-тармағын басшылыққа ала отырып, 2014 жылға дейін қаланың 43 автокөлік жуғышына, ең алдымен қайталама және айналымдық технологиялық су пайдалану жүйесі бар көлік жуу орындарының қожайындарына ішуге жарамды суды пайдалануға уақытша рұқсат берген. Шағын зауыт қожайындарына келер болсақ, алдыңғы жылдардың тәжірибелері көрсетіп отырғандай, биылғы жылы олар Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының мақұлдауымен ішуге жарамды суларды пайдалануға рұқсат алған. Бүгінде қала шеңберінде бетон бұйымдар мен темір-бетон конструкцияларды дайындайтын 15 абонент (шағын зауыттар) тіркелген».

«Атырау су арнасы» директорының өткізу жөніндегі орынбасары  Левон ОВСЕПЬЯНжазда суару маусымына байланысты Атырауда ауыз суға қатысты ауыр ахуал қалыптасатынын жоққа шығармады. Ол әкім орынбасары Әбдіровтің ««АСА» КМК-ның қажет болған жағдайда аталмыш зауыттардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар» деген мәлімдемесіне қатысты өз таң қалысын жасыра алмады. Алайда биліктің ресми мәлімдемесіне комментарий беруден бас тартты.

ӘЗІРГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ СУ ҚҰБЫРЫ БОЛМАЙДЫ

«Сонымен Атырауда техникалық су желісі бола ма?» -  деген сұрақты «АСА» КМК басшылығына қойған едік. Редакция сауалына «Атырау су арнасы» КМК директоры Серік ЖҰМАШБАЕВ кәсіпорынның тек шаруашылық-ауыз су мақсатындағы су құбырын ғана пайдаланатынын хабарлады. Ал техникалық су құбырларын салуға қатысты баланс ұстаушыларға – қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөліміне хабарласу керек екен.

«Таяу жылдарға техникалық су үшін арнайы желіні жүргізуге бюджетте қаржы қарастырылмаған», - деп хабарлады қала әкімнің баспасөз қызметі қалалық ТКШ бөліміне сілтеме жасап.

Шеңбер тұйықталып қалды. Кәсіпкерлер мен билік тағы да үш жылға мерзім алды. Алайда билік әзірге бұл уақытты Атырау үшін қажетті су құбыры желісін салуға пайдаланбайтын секілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 шілде 2011, 00:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.