Атырау, 27 қараша 16:57
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ең бастысы – сабырлық

5 246 просмотра

18 қыркүйекте, Бүкіләлемдік алғашқы жәрдем көрсету күні Құрманғазы мәдениет үйі алдындағы алаңда ҚР Қызыл Жарты ай Қоғамы Атырау филиалының еріктілері және Атырау медицина колледжінің студенттері өзіне немесе айналадағы адамдарға көмек керек болған жағдайда не істеу керектігін қалалықтарға көрініс арқылы көрсетті.

Қойылым барысында қыз-жігіттер кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға ЖКО кезінде зардап шеккен жанға қандай көмек жасау керектігін, қайнап тұрған суға күйіп қалғанда, талып қалған жағдайда, жүрегі тоқтап қалса не істеу керектігін көрсетті. Ең бастысы, абдырап қалмай, тез және батыл қимыл жасауды үйретті.

- Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, күн сайын әлемде ЖКО кезінде алған жарақаттан, күйіктен, құлаудан, суға кету оқиғаларының 10%-ы ажал құштырса, 15%-ы мүгедектікке әкеліп соқтырады. Ауыр жарақаттар 15 пен 45 жас аралығындағы адамдар өлімінің негізгі себебі болып табылады. Әсіресе, алғашқы медициналық көмекті оқиға болғаннан бір сағаттың ішінде жасаған тиімді екенін еске сақтаған жөн. Жедел медициналық жәрдем әрқашан оқиға орнына санаулы минуттарда келіп үлгермейді. Сондықтан да, алғашқы көмек дағдыларын меңгерген әрқайсысымыз өлім аузында жатқан адамның өмірін сақтап қалуымыз мүмкін, - дейді ҚР ҚЖАҚ Атырау облыстық филиалының директоры Айгүл ҚҰЛТАНОВА.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

23 қыркүйек 2014, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.