БҰҰ мен Еуроодақ және 13 мемлекет Ливиядағы қақтығысты тоқтатып, бітімге келуге шақырды, деп хабарлады ВВС.
Ливиядағы жағдай әскери іс-қимылдармен шешілмейтіні айтылған мәлімдеме БҰҰ Бас Ассамблеясы мәжілісі басталар алдында таратылған.
Анархия мен жаппай тәртіпсіздік Ливияда осыдан 3 жыл бұрын сол кездегі мемлекет басшысы Муаммар Каддафиге қарсы басталған болатын. Өткен айда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарулы қақтығысты дереу тоқтау керектігін ескертіп, зорлық көрсететін тарапқа санкция енгізетінін жеткізген болатын.
Мәлімдемеде елде тұрақтылықты қалпына келтіру үшін саяси диалог құру қажеттігі айтылған.
Дереккөз: ҚазАқпарат