Атырау, 19 мамыр 05:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жазасыз қылмыс

3 326 просмотра

Құлсары қаласында кәмелет жасына толмаған өгей қызын азғыруға тырысқан ер адам жазадан құтылып кетті: қыздың анасы оған кешірім берген.  

Оқиға осы жылдың 18 шілдесінде таңғы сағат жеті шамасында орын алған болатын. Мас өгей әке қыздың анасының үйде жоқтығын пайдаланған. Ол ұйықтап жатқан баланың іш киімін шеше бастайды. Осы кезде ұйқысынан оянып кеткен қыз жан дауысы шығып айқайлап, жылайды. Сол кезде өгей әке келесі бөлмеге барып, ұйықтап қалады.

Жылыой АІІБ ҚР ҚК 124-бабы 1-тармағы («Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттер жасау») бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот үстінде жасөспірім қыздың анасы сотталушыны кешіру туралы шешімге келген, осылайша ол бұрын сотталмаған және онымен жасалған қылмысы орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жататындықтан, әрі жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен сол бойда босатылды.

- Қылмыстық кодекстің талабына сай, адам денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады, -дейді Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі Алтынгүл ИСМАГУЛОВА.

Бүгінде сот қаулысы заңды күшіне енген.

Осыған ұқсас жағдай осы жылдың ақпан айында да орын алған болатын. Құрманғазы ауданындағы мектептердің бірінде сантехник болып жұмыс істеген ер адам сол мектептің 2-сынып оқушы қызына азғындық әрекет жасап, ол да ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-тармағы бойынша айыпты деп танылған болатын. Алайда, қыздың анасы сотталушыға кешірім беріп, ол да қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

22 қыркүйек 2014, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.