Атырау, 5 желтоқсан 19:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Иран WhatsApp пен Viber-ге тыйым салмақшы

1 534 рет қаралды

Ираның Бас прокуратурасы елдің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрлігінен Viber, Tango мен WhatsApp қосымша бағдарламаларына тыйым салуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Press TV.

 Иран бас прокурорының айтуынша, аталған қосымша бағдарламаларда «исламдық және рухани құндылықтарға нұқсан келтіретін» мазмұндағы материалдар таратылған, деп жазады «Газета.Ru».

Сонымен қатар, бас прокуратураның пайымынша, аталған бірқатар «тұрпайы мазмұнды» материалдардың тасасында Иранға қаскөй шет мемлекеттердің үкіметі тұруы мүмкін. 

Дереккөз: bnews.kz

22 қыркүйек 2014, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.