Әуежай жолы жиегіне тұқым себуБірнеше күннен кейін қала жолдары мен жол айрықтарының жиегінде балғын көгал бой көтереді. Көгалдар тез және бір қалыпты өсу үшін қандай қоспа қосатыны жөнінде тілшіміз анықтады.
«Атырау Зеленстрой ЛТД» ЖШС қызметкерлерінің ақпараттары бойынша күні бүгінге дейін 10 мың шаршы метр жер егілген. Осындай көлемді жерге тез егу Finn t-30 гидросебу қондырғысы арқылы жүзеге асқан.
Гидросепкіштің сұйықтық құятын ыдысы, сорғысы және су таситын көлікке жалғанатын шлангасы бар. Ыдысқа су және тұқым, гидрогель, өсімдік гормондары, полимерлер, желімділігін арттыратын заттар, микроптық бактериялар мен жабын сияқты тұқым себуге қажетті материалдар құйылады.
Соңғы қоспа мені қатты қызықтырды. Кейін анықтағанымыздай, дәл осы шикі, ылғал жабынның арқасында болашақ көгалдың өңделген беті өрмектелген тамырлар басып кеткендей күйге түседі. Сондай-ақ, осы заттың көмегімен көгалдандырушылар шөптің өсуіне қолайлы орта қалыптастырады. Жабын ылғалды сақтап, салқындық пен ыстықтан сақтайды. Сонымен қатар, сол арқылы арам шөптер өсіп, топырақтағы тұзды жоятын пайдалы микроағзалар көбейеді.
ЖШС өзінің 4 миллион қаржысына сатып алған қондырғыға келсек, ол кемінде 10 жұмыс қолын ауыстыра алады. Көгалдар ауа райы жағдайына қарамастан 10 күнтізбелік күнде бас көтереді.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор