Атырау, 27 қараша 16:46
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Балалар ауруханасы мен СПИД орталығы уақытында тапсырылды

6 508 просмотра

18 қыркүйекте Атырауда NCOC и NCPOC компаниялары Атырау облысының билігіне екі жаңа нысанды – 110 орындық облыстық балалар ауруханасы мен СПИД-тің алдын алу және онымен күрес орталығын тапсырды.

Жобалар Солтүстік-Каспий консорциумының ӨБК (Өнім бөлінісі туралы келісім) жөніндегі міндеттемелері шеңберінде орындалды. Аурухананың жаңа корпусын салу және ескі ғимаратын күрделі қалпына келтіру жұмыстары 17 млн долларға шыққан. 110 орындық ауруханада екі хирургия бөлімі, жансақтау және ортопедиялық бөлімдер, жаңа туған сәбилерге, күйік алған пациенттерге арналған палаталар, медпункт пен дәріхана бар. Аурухана трансформаторлық қосалқы станса мен өз жылу қазандығымен жарақталған.

Жаңа облыстық СПИД-тің алдын алу және күрес орталығы ВИЧ жұқтырған жандарға арналған ауқымды арнайы қызмет түрлерін ұсынады: диагностика және гинекологтың, дерматологтың, венерологтың, стоматологтың, психологтың, инфекционистің, педиатрдың консультациясы.

NCOC-тың сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Пьер ДЕЛЬПОННЫҢ айтуынша, консорциум ӨБК шеңберінде жобалар әзірлеуде немесе түрлі газдендіру, электрлендіру және сумен қамту нысандарын, жолдарды, мектептерді, балабақшалар мен ауруханаларды салу жұмыстарын бастап кеткен. Атап айтқанда, алдағы айлар ішінде облысымыздағы тағы екі денсаулық сақтау нысандары: жұқпалы аурулар ауруханасы мен балалар шипажайының құрылысы аяқталмақ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

22 қыркүйек 2014, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.