Атырау, 29 қыркүйек 16:33
 дождьВ Атырау +22.7
$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Тараздағы тартысты ойын

1 906 рет қаралды

20 қыркүйекте «Атырау» футбол командасы сырт алаңда ел чемпионатының 26-туры аясында «Тараз» командасымен кездесті. 

Барлық голдар 2-таймда соғылды. Алдымен 52-минутта «Тараз» шабуылшысы Олександр ЯРОВЕНКО есеп ашты. Ойын аяқталуға жақын 86-минутта атыраулық шабуылша Милош ТРИФУНОВИЧ есепті теңестірді. Алайда екі минуттан кейін тараздықтар тағы бір гол соғып, жеңісті уыстарынан шығармады. Қорытынды есеп – 2:1, алаң иелері жеңді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 қыркүйек 2014, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.