Атырау, 5 желтоқсан 10:47
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мектепті жөндеуге бөлінген ақшалар қолды болған

2 259 рет қаралды

Облыстық қаржы полициясының департаменті Мақат ауданындағы мектептердің біріне күрделі жөндеу жүргізіп жатқан мердігер фирманың басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалғандығы туралы хабарлама таратты.

«АтырауСтройРеставрация» ЖШС басшылығына қатысты ҚР ҚК-нің 176-бабы (сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарланады. 2013 жылы бұл фирма Мақат ауданындағы Мұса Баймұханов атындағы мектепті күрделі жөндеумен айналысқан. Жұмыстарды толықтай орындамай, «орындалған жұмыстар актісіне жалған мәліметтер енгізу арқылы 27 млн теңге сомасында бюджет қаржыларын ұрлаған».

Тапсырыс беруші тарапынан құжаттарға аудандық немесе облыстық әкімдік өкілдері ме, кімдердің қолы қойылғандығы туралы баспасөз хабарламасында айтылмайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 қыркүйек 2014, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.