Атыраудың түзету мекемелерінде тыйым салынған заттарды іздестіру бойынша кең масштабты тінту жүргізілді.
Қылмыстық түзету жүйесі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Бақытгүл МАРАЗБАЕВАНЫҢайтуынша, жалпы режимдегі колониядан 116 ұялы телефон, 42 литрдей түрлі спирттік сусындар, 3 кг ашытқы және 8 үшкір ұштағыштар тәркіленген екен. Бұл «коллекцияны» уақытша тергеу изоляторынан табылған 38 ұялы телефон мен бір фотоаппарат толықтырды. Әйелдер колониясынан тағы да 15 қалта телефоны мен әтірлер, 5 ұштағыш табылған.
Бұдан басқа, есірткі қылмысы үшін мерзімін өтеп жатқан күйеуіне кездесуге келген Өзбекстан азаматшасының 95 мың теңгені беру әрекеті әшкереленді.
Лев ГУЗИКОВ