Сирияның солтүстігінде шешек ауруына қарсы егілген қырықтан астам бала қайтыс болды.
Осыдан екі күн бұрын БҰҰ Балалар қорының бастамасымен құрылған алдын алу науқаны қайғылы жағдаймен аяқталып отыр. Оқиға елдің солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында орын алған.
ИТАР-ТАСС-тың мәліметінше, бір ғана Джирджаназ қаласында 12 сәби көз жұмған. Тағы ондаған бала ауыр халде ауруханада жатыр. Оларда улану мен аллергияның белгілері бар. Қазір "Уақытша үкімет" аталған науқанды тоқтатып тастады.
Дереккөз: Baq.kz