Бельгия соты өмір бойына сотталған 50 жастағы Франк Ван Ден Блеекенге дәрігерлердің көмегімен өмірімен өз еркімен қош айтысуға құқық беретін қаулы шығарды, деп хабарлайды BBC.
80-ші жылдары адам зорлап, өлтіргені үшін сотталған Франк Ван Ден Блеекен өз өміріне иелік етуге құқылы екенін алға тартып, түрлі сот инстанцияларына үш жылдан бері арызданып келеді.
Бұл сот қаулысы – Бельгия тарихындағы тұтқынның құқығына қатысты алғашқы қаулы. Эвтаназия туралы заң Бельгияда 12 жыл бұрын қабылданды.
Жақында Ван Ден Блеекен ауруханаға жатқызылады, мекемеде оған медициналық эвтаназия процедурасы жасалады, деп хабарлады оның адвокаттары.
Дереккөз: bnews.kz
Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/events/maskeu---astana-poyyizyinan-jaryilgyish-zat-tabyildyi-256728/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі