Атырау, 27 қараша 15:47
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Наубайханалар газ ажыратуға дайындалып жатыр

2 150 просмотра

16 қыркүйектен бастап газдың тоқтатылуы кезінде нан тапшылығын болдырмас үшін Атырау қаласы әкімдігі не ойлап тапты?

Естеріңізге салсақ, «ҚазТрансАймақ» АҚ АӨФ деректері бойынша, 16 және 19 қыркүйек аралығында Атырау қаласының сол жақ жағалау бөлігінде, ал 20 және 24 қыркүйек аралығында оң жақ жағалау бөлігінде газбен қамту тоқтатылады. Біздің әкімдіктегі ақпарат көзіміз хабарлағандай, Атыраудың сол жақ жағалауында 8 наубайхана, оң жақ бөлігінде 9 наубайхана жұмыс жасайды екен. Олардың барлығы да табиғи газбен жұмыс жасайды және осы мерзімдерде жұмыстарын тоқтатады.

Қалалық әкімдік барлық наубайхана иелерін жинап, қаланың бір бөлігінде газ тоқтатылғанда, келесі жақтағы цехтардан барлық сауда нүктелеріне нан жеткізуді ұсынды. Алайда наубайшылар бұған келіспеді. Олар газ тоқтатылғанша 2 күнге жетер нан пісіріп, қалған күндері қаланың қарсы бетіндегі наубайханалардан сатып алып, «өз» сауда нүктелеріне жеткізетіндерін айтты. Қалалық әкімдік те өз шартын қойды – нан алғашқы кезекте бюджеттік ұйымдарға, мектептерге, ауруханалар мен балабақшаларға жеткізілуі тиіс.

Атырау қаласында тек «Байлық» наубайханасы ғана өз жұмысын қысқа уақытқа табиғи газдан сығылған газға ауыстыра алады екен. Газ ажырату кезеңінде үздіксіз жұмыс жасау үшін наубайханаға 40 баллон газ керек. Қалалық әкімдік қызметкерлері хабарласқан газ компаниясы қалада «баллон» газы да тапшы деп жауап берді. Осылайша, «Байлық» та басқа наубайханалардай өз жұмысын бірнеше күнге тоқтатуға мәжбүр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қыркүйек 2014, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.