Атырау, 28 маусым 16:34
 дождьВ Атырау +25.8
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Алина Кабаева РФ Мемлекеттік Думасынан өз еркімен кетті

1 716 рет қаралды
Мемлекеттік думаның Регламент комитеті Алина Кабаеваның өз еркімен депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін мақұлдауды ұсынды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС комитет басшысы Сергей Поповқа сілтеме жасай отырып. 

«Депутат өтініш жазды, біз оны қанағаттандырдық», - деп нақтылады ол. Комитет басшысының айтуынша, Кабаева басқа жұмысқа ауысатынын айтып, 15 қыркүйекте өтініш берген.

Попов Қабаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе ертең, 16 қыркүйекте қаралатынын айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

15 қыркүйек 2014, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.