Атырау, 26 желтоқсан 12:54
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

ЖОҒАЛҒАН ӘЙЕЛДЕР ҚАЙДА КЕТТІ?

5 706 просмотра

Жұмбақ жағдайда әйелдердің жоғалуы кездесе бастады. Мұның ақыры қалай аяқталары белгісіз, дегенмен жасамыс емес әйелдердің із‑түссіз жоғалуы әртүрлі пікір туғызып отыр.

Мәселен, Индербор поселкесінің тұрғыны, жасы елуден асқан әйел дүкенге кетіп оралмаған. Аяғында жеңіл аяқ киім деседі. Ал бала‑шағасы анасына алаңдаулы. Осындай оқиға Қызылқоға ауданында да қайталанып отыр. Оңтүстік Қазақстанның тумасы,33 жасар әйел Миялы селосында бірнеше жылдан сауда жасап, пәтер жалдап тұрады екен. Ол да базардан шыққаннан кейін белгісіз жағдайда жоғалған. Жоғалардың алдында Түркістаннан заттар әкелген деседі. Ал саудагер әйелдің басына сыйақы тағайындалып, іздеу салынып жатқанын Қызылқоға аудандық ІІБ бастығы І. Хамзин мәлімдеп отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.