ALASHAINASY.KZ «Депутаттар министрдің өз бетінше шешім қабылдайтынына сенбей ме?» - Үкіметті ықшамдап, жинақы етуімен қатар, әкімшілік реформа аясында мемлекеттік басқару деңгейлерінің аражігін ажырату жұмысы жүріп жатқаны белгілі.
«Украинадан соң кім? Қазақстан ба, әлде Әзербайжан ба?» - Ресейдің Украинаға әскер кіргізгені жұрттың жағасын ұстатқаны сонша - соңғы кездері «ендігі кезек кімге келер екен?» деген күдікті сауал жиі қойылатын болып жүр.
«Банктердің сақтандыру қызметін тұтынуға халықты мәжбүрлеуіне шектеу қойыла ма?» - Қазір банктер арқылы ірі көлемді несие немесе тұрғын үй, көлік алып және тағы басқа қажеттіліктеріңізді өтегіңіз келсе, олардың өздерімен еншілес сақтандыру компанияларының қызметіне жүгінуге мәжбүр боласыз.
«Бизнесті банксіз-ақ бастауға болады...» - Шынымен де, Қазақстанда Инвесторлар альянсының құрылуымен бизнесті банктен несие алмай-ақ бастауға мүмкіндік туып отыр.
«Ресей банктері санкция салқынын сезіне бастады, ал біздің банктер ше?» - Кешелі бері Ресейдің Орталық банкі салалық банктеріне салынған санкциялардың кері әсері енді шыға бастағанын алға тартып отыр.
AZATTYQ. ORG «Санкциядан соң Кремльдің назары Азияға ауды» - 11-ші қыркүйекте Тәжікстан астанасы Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті басталды. Ұйымға төрағалық ету құқығы Батыс елдерімен араздасып қалған Ресейге берілмек.
«Иракқа кеткен баламды көріп келдім» - Жезқазғандық кенші бір жылға жуық уақыт әуелі Сириядағы, кейін Ирактағы соғыс қимылдарына қатысып жүрген ұлына жолығып, «жиһадшылардың» тұрмысын көріп қайтқанын айтады.
«Каримованың қаһарға ұшырау жолы» - Бұрын Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримованың төрт құбыласы түгел еді. Бірақ ол енді түрмеге қамалуы мүмкін.
ABAI.KZ «Атыраулық чикатилоның ақыры» - Мойынына бір емес, бірнеше адамның қанын жүктеген нәпсіқұмар қанішерге қатысты сот үкімі оқылып жатқан кезде зал ішінде ұшқан шыбынның ызыңы естілетіндей өлі тыныштық орнады.
SERKE.ORG. «Путиннің пәпігін қалай басуға болады?» - Осы күндері батыс баспасөзінің назарын аударып отырған басты мәселе – Украинадағы соғыс және Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің Ресейге қарсы жариялаған жаңа санкциялары.